Skip to main content

Modal title

One fine body…

 Сайттың қарапайым нұсқасы
    • KK
    • RU
    • EN
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, Филология және Халықаралық Қатынастар Факультеті
  •   Факультет жайлы
  •  Факультет деканы
  •  Кафедралар
  •  Байланыс
  •  Университет сайтына

You are here

Басты бет

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Факультетте оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттер сауалнамадан жүйелі түрде өткізіледі. Факультеттің деканат сағатында декан студенттермен үнемі кездесу өткізеді, студенттерден ауызша сауал алынады, заманауи қоғамның өзекті мәселелері бойынша семинарлар жүйелі түрде өткізіледі. Студенттер қосымша курстар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды, және де өзін-өзі басқару органдары факультеттің жеке белгілі бір бағыттарын жетілдіру жолдары туралы пікірлерін білдіреді.

Факультет «дөңгелек үстелдерде», студенттік клубтардың қызметі, әдіснамалық семинарлар, халықаралық ғылыми форумдар мен семинарлар ұйымдастыруда көрсетілген білім беру, ғылыми және инновациялық үдерістер арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді.

Факультеттің студенттері пікірталас қозғалысының белсенді қатысушылары, ғылыми жобалардың авторлары, КВН командасының мүшелері, түрлі мәдени ісшараларды ұйымдастырушылар. Студенттік топтардың жұмысын жандандыруға, соның ішінде студенттік өзін-өзі басқаруға ықпал ететін тәрбие жұмысының сапасына командалық жұмыстарды жүргізуге дағдыландыруға ісшараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізеді. Студенттердің университетке танымал тұлғалар үшін баратыны, ғылыми мектептердің нақты бағыттарын іздейтіні, шығармашылық іс-шаралардың (дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, КВН, дебаттар, конкурстар және т.б.) өтуі арқылы университетті білетіні жалпыға мәлім. Жұртшылық, олар жұмыс берушілер, сондай-ақ болашақ студенттердің ата-аналары болғандықтан, белгілі бір адамдар арқылы университет туралы естіп біледі.

Профессорлық-оқытушылық құрамының және магистранттардың ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында, стипендия және білім беру қорының ұйымдарымен бірлесе кездесулер, ашық дәрістер, ақпараттық-кеңестік семинарлар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу қызметтің маңызды бағыты болып табылады.

Қазіргі кезде кафедра түлектері еліміздің, алыс және жақын шет елдердің әртүрлі салаларында табысты жұмыс атқарып, жұмыспен қамту нарығында (орта есеппен жұмыспен қамту - 98% құрайды) табысты бәсекелесуде. Факультет үшжақты «университет-кәсіпорын-студент»келісімдері негізінде, дуальды оқытуды дамыта отырып, кәсіпорындар үшін мамандарды мақсатты даярлау жүйесін реттеуді жоспарлауда.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті тәрбие жұмысының мақсаты - жоғары білімді, кең эрудициялы, мәдени, шығармашыл ойлайтын мамандарды дайындауға бағытталған жағдай жасау болып табылады.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • студенттерде үздік студенттік дәстүрлерді, университеттің беделі және таңдаған мамандығы, жоғары білімнің беделі туралы түсінікті нығайту, тұлғалардың шығармашылық бастауын дамытуға бағытталған тәрбиені нығайту және сақтау;
  • тәрбие жұмыстарын жүргізудің жаңа түрлері мен әдістерін іздеу;
  • студенттердің қызығушылығын, шығармашылық бейімділігін үздіксіз зерттеу;
  • бірінші курс студенттерін өмірінің жаңа жағдайларына бейімделуі;
  • Студенттік өзін-өзі басқаруды жан-жақты дамыту.

Факультетте тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мыналар:

  • кәсіптік тәрбие – оқытушы сабақта шығармашылық жұмыстың әр түрлерін пайдалана отырып, студенттерді топпен жұмыс істеуге үйретуге, өз пікірін қорғауға, логикалық тізбектерді салуға (іскерлік ойындарды жүргізу) үйретеді;
  • университеттің, факультеттің арнайы рухын, (декан сағаты, әртүрлі сипаттағы акциялар) туғызуға арналған ісшаралардағы патриоттық тәрбие;
  • көп ұлтты тұлғаны тәрбиелеу конференциялар, фестивальдар, семинарлар, конкурстар барысында орын алады;
  • эстетикалық тәрбие, аталмыш мәселені жүзеге асыруда студенттер дайындаған концерттер, әдеби-поэзиялық кештер өткізіледі, көрмелер мен мұражайларға, театрға және киноға барады;
  • құқықтық тәрбие - заңдар мен құқық қолдану тәжірибесінің маңыздылығына, жеке құқығы және адамгершілік міндеттеріне, шешім қабылдау және өз іс-әрекеттеріне жеке жауапкершілігіне сенімін қалыптастыру. Студенттердің бейәлеуметтік мінез-құлқына қарсы алдын ала жұмыс жүргізіледі: студенттердің ішкі тәртіп ережесін бұзу; жатақхана қызметкерлеріне, университет қызметкерлеріне деген құрметсіздік; өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б., үнемі сұхбаттасу, студенттердің қызметін бақылау;
  • рухани-адамгершілік тәрбие – студенттер арасында философтармен, әртүрлі конфессиялар өкілдерімен бірлесіп конференциялар өткізу арқылы жүзеге асатын, діни экстремизмнің алдын алу, жойқын діни идеологияға «иммунитетті» дамыту. Кураторлық сағаттарда, дөңгелек үстелдерде діндерге деген құрметпен, төзімділікке қарым-қатынасы мәселелерін талқылайды, ұлттық және діни артықшылықты насихаттауға жол бермейді;
  • дене тәрбиесі студенттердің әртүрлі конкурстарға қатысуы, облыстың тарихи орындарына баруы, қаланың ортасында экскурсиялар өткізу кезінде жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысының негізгі тәртібі дәстүрлі ісшаралар (студенттікке қабылдау, бірінші курс студенттерінің онкүндігі, «Студенттік көктем», КВН, пікірталас клубының қызметі және басқалар), мұнда факультет тек жүлделі орындарды иеленді. Факультет «Студенттік көктем-2016» байқауының Гран-при иегері атанды, студенттер Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының арасында қала әкімінің кубогы үшін жарыстарға қатысты.

Факультеттегі ісшаралар толығымен жан-жақты тұлғаны дамытуға бағытталған, сондықтан, келесі жұмыс түрлеріне баса назар аударылады:

  • студенттік үйірмелердің қызметі;
  • ай сайынғы декан сағаттарын өткізу;
  • этнографиялық мұражайдан, мемлекеттік мұрағаттан шақырылған сарапшылармен бірлескен қосымша сабақтар өткізу, көркем әңгімелерді талқылау үшін Пушкин кітапханасымен бірге бірлескен жобаларға қатысу;
  • барлық курстарға арналған халықаралық ұйымдардың кездесулерінің түрлері бойынша іскерлік ойындар ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдік делегациялардың өкілдерімен кездесулер көптілділікті дамытуға мүмкіндік береді, ой-өрісін кеңейтеді және ғылымға деген сенімге үйретеді;
  • жеке сұхбаттар, сауалнама ұйымдастыру, блиц-сауалнама жүргізу арқылы студенттердің білім беру, ғылыми, қоғамдық жұмыстарына ынталандыру деңгейіне үнемі бақылау жүргізу;
  • ШҚО халқының мәдениетіне арналған дөңгелек үстелдер, Қытай күндерін өткізу, Әлем елдері мен халықтарының апталығын өткізу, тарихи орындарда сапарлар ұйымдастыру студенттердің рухани-адамгершілік, эстетикалық дамуын көздейді.

© 2005-2018 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020 e-mail: kancelaria@vkgu.kz.
Жол жүру картасы